1. «SQIF Capital» АҚ мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз. Оны AppStore, PlayMarket немесе Huawei App Gallery платформаларынан тегін жүктеуге болады. 2. Қосымшаны ашып, тіркеліңіз. Тіркелу үшін ЖСН/БСН енгізіп, құпиясөз сұрату жеткілікті. 3. Одан кейін қосымшаға жылдам кіру үшін ПИН-код орнатыңыз. 4. Барлық қажетті деректерді толтырыңыз. 5. Қызмет көрсету қағидаларымен танысып, SMS-код арқылы растаңыз. 6. Верификациядан өтіңіз. Деректеріңіз қабылданды. Құттықтаймыз, инвестицияға бір қадам қалды! Шоттың ашылғаны туралы хабарламаны күту қажет - әдетте шот 20-30 минут ішінде ашылады. Содан кейін шотты толықтырып, сауда жасай бастауға болады. Егер платформада брокерлік шот ашу мүмкін болмаса, интернет байланысын тексеріп, басқа браузерді немесе басқа қосылуды қолданып көріңіз. Немесе кеңес алуға өтінім қалдырсаңыз, менеджер сізбен байланысады.
FAQ
Жиі қойылатын сұрақтар
Инвестиция - табыс алу немесе активтер құнының өсуі мақсатында капиталды қаржы құралдарына (бағалы қағаздар, облигациялар, қор пайлары және т.б.) орналастыру. Инвестиция тәуекелмен байланысты: активтердің құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Шешім қабылдамас бұрын тәуекел профиліңізді және инвестициялық мақсаттарыңызды бағалап, қаржы кеңесшісімен кеңесу ұсынылады.
Жұмысты бастау үшін брокерлік шот ашып, брокерлік қызмет көрсету шартын жасасу қажет. • «SQIF Capital» АҚ қосымшасын Apple App Store, Google Play және Huawei AppGallery ресми дүкендерінен жүктеп алыңыз. • Тіркеліп, пайдалануды бастаңыз. Биржалық құралдарға (акциялар, облигациялар, мемлекеттік бағалы қағаздар, РЕПО және т.б.) қолжетімділік тек лицензияланған брокер арқылы жүзеге асырылады. «SQIF Capital» АҚ АРРФР №3.1.1.246 лицензиясына ие және KASE, AIX және халықаралық алаңдардағы саудаға қолжетімділік ұсынады.
Білікті инвестор мәртебесін алу үшін клиент Брокерге мыналарды ұсынуы қажет: 1. Білікті инвестор деп тану туралы өтініш (Брокер нысаны бойынша) 2. Белгіленген талаптарға сәйкестікті растайтын құжаттар немесе тестілеуден сәтті өткенін растайтын құжат (егер тану заңнама талаптарына сәйкес тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылса). Жеке тұлғаны білікті инвестор деп тану критерийлері Жеке тұлға төмендегі талаптардың біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкес келген жағдайда білікті инвестор деп танылуы мүмкін: • жоғары қаржылық, экономикалық, математикалық білімнің немесе ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары білімнің болуы; • халықаралық кәсіби сертификаттардың бірінің болуы (CFA, CIIA, FRM немесе қаржы нарығы саласындағы біліктілікті растайтын өзге сертификат); • қаржы құралдарымен мәмілелер жасау, инвестициялық ұсынымдар дайындау, инвестициялық шешімдер қабылдау және (немесе) қаржы құралдарымен операцияларға байланысты тәуекелдерді басқару саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы; • 8 500 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын сомада қаржы активтерінің болуы; • өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан 12 ай ішінде ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және өзге қор биржаларында бағалы қағаздармен және (немесе) өзге қаржы құралдарымен кемінде 50 мәміле жасау. Маңызды! Жеке тұлғаны білікті инвестор деп тану туралы шешімді Брокер ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексергеннен кейін қабылдайды.
Брокерлік шот 18 жасқа толған тұлғаларға ашылады. 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар бағалы қағаздармен мәмілелерді заңды өкілдерінің, ата-аналарының немесе қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана жасай алады.
Бейрезиденттер «SQIF Capital» АҚ-да брокерлік шот аша алады. Қажетті құжаттар: • Шетел азаматының паспорты (құжат орыс / қазақ тілінде болмаса, нотариалды куәландырылған аудармасы) • ЖСН (бар болса) немесе резиденттік елдегі салықтық мәртебені растайтын құжат • Лицевой шот ашуға арналған бұйрық («SQIF Capital» АҚ нысаны) • Клиент сауалнамасы («SQIF Capital» АҚ нысаны) • FATCA / CRS мақсаттары үшін салықтық резиденттік бойынша құжаттар (қажет болған жағдайда) • Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында бейрезидент жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағына кіру, шығу және болу құқығын тіркеуді куәландыратын құжат, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе Қазақстан Республикасына визасыз тәртіппен кіретін мемлекеттердің азаматтары үшін: • көші-қон карточкасы немесе өзге қолданылатын құжат, мысалы, уақытша тұру туралы хабарлама, еңбек шарты мерзіміне хабарлама. • Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты көші-қон карточкалары туралы мәліметтерді алу талап етілмейді. • Клиенттің кіріс көздерін және жасалатын операцияларды қаржыландыру көздерін растайтын құжаттар немесе мәліметтер (жалақы, дивидендтер, кәсіпкерлік қызметтен табыс және басқалар) • ЖСН беру туралы куәлік (бар болса) • Тұрғылықты жерінің (тіркеу) немесе болу орнының мекенжайын куәландыратын құжат (мемлекет/юрисдикция, пошта индексі, елді мекен, көше/аудан, үй нөмірі және бар болса пәтер нөмірі). • Брокерлік қызметтер мен номиналды ұстау қызметтерін көрсетуге арналған Үлгілік шартқа қосылу туралы өтініш немесе брокерлік қызметтер мен номиналды ұстау қызметтерін көрсету туралы шарт («SQIF Capital» АҚ нысаны) • Лицевой шоттар бойынша операциялар және ақпараттық операциялар жүргізуге құжаттарға қол қою құқығы бар жеке тұлға өкілдерін қоса алғанда, қол қою үлгілері бар құжат (құжаттар кеңседен тыс баламалы байланыс түрлері арқылы берілген жағдайда) Барлық құжаттар кеңседе қабылданады. Қашықтан шот ашу қолжетімсіз.
Брокерлік шотты толықтыру «SQIF Capital» АҚ-ның брокерлік қызмет көрсетуге ақша қаражатын есепке алу үшін көрсетілген реквизиттеріне банк аударымы арқылы жүзеге асырылады. Тәртібі: 1. Клиенттің ағымдағы шотынан компанияның ағымдағы шотына төлем мақсатын көрсетіп қаражат аудару 2. Қаражат түскені туралы жеке менеджерге хабарлау 3. Қаражат төлем сәйкестендірілгеннен кейін брокерлік шотқа есептеледі Толықтырудың ең төменгі сомасы және есептеу мерзімдері менеджерден нақтыланады.
«SQIF Capital» АҚ клиенттердің дербес деректерін және шоттары туралы мәліметтерді төмендегілерге сәйкес қорғайды: • ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы • ҚР «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңы (брокерлік құпия режимі) • Компанияның ішкі ақпараттық қауіпсіздік саясаты Клиент және оның операциялары туралы мәліметтер ҚР заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға берілмейді (уәкілетті органдардың сұраулары). Материал ақпараттық сипатта және жеке инвестициялық ұсыным болып табылмайды. «SQIF Capital» АҚ, АРРФР лицензиясы № 3.1.1.246, № 4.3.23.