Ақпаратты ашу
«SQIF Capital» АҚ акционерлеріне, инвесторларына және клиенттеріне арналған хабарламалар мен корпоративтік ақпарат.
29.09.2025
«SQIF Capital» АҚ 2025 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 80 «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің түрлерін белгілеу, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» қаулысының талаптарын бұзғаны үшін жазбаша нұсқама алғаны туралы хабарлайды.
10.07.2025
«SQIF Capital» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) 2025 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен 2025 жылғы 11 наурыздағы тексеру тағайындау туралы актіге сәйкес жүргізілген Қоғам қызметін ішінара тексеру нәтижелері бойынша жазбаша нұсқама алғаны туралы хабарлайды.
11.06.2025
«SQIF Capital» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен 2025 жылғы 10 маусымдағы Қоғам қызметін ішінара тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 256-бабы 2-бөлігін бұзғаны үшін Қоғамға әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы алғанын хабарлайды.
04.06.2025
«SQIF Capital» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан 2025 жылғы 27 мамырдағы Қоғам қызметін ішінара тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 214-бабы 8 және 10-бөліктерін бұзғаны үшін Қоғамға әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы алғанын хабарлайды.
28.05.2025
«SQIF Capital» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен 2025 жылғы 22 мамырдағы Қоғам қызметін ішінара тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 262-бабы 1 және 2-бөліктерін бұзғаны үшін Қоғамға әкімшілік жазалар қолдану туралы қаулылар алғанын хабарлайды.
31.03.2025
«SQIF Capital» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) 2025 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен ақпараттық қауіпсіздік бөлігіндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жазбаша нұсқама алғаны туралы хабарлайды.
03.03.2025
«SQIF Capital» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен 2025 жылғы 13 ақпандағы № 250000440000051 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 262-бабы 6-бөлігін бұзғаны үшін Қоғамға әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы алғанын хабарлайды.