
«SQIF Capital» АҚ өз атынан, бірақ Globaltrans Investment PLC еншілес компаниясы Adaptive Capital Limited есебінен және оның мүддесінде әрекет ете отырып, тендерлік ұсыныстың аяқталғанын хабарлайды.
Сатып алушы тендерлік ұсыныстың аяқталғанын және оның төменде көрсетілген нәтижелерін хабарлайды:
• Тендерлік ұсыныс жиынтығында Компанияның жарғылық капиталының шамамен 15%-ын құрайтын рұқсат етілген ГДҚ жалпы санына қатысты басталды;
• Тендерлік ұсыныс шеңберінде тиісті түрде берілген Ұсыныстардың жалпы санының 100%-ын Сатып алушы қабылдады;
• Көрсетілген Ұсыныстардың нысанасы болған рұқсат етілген ГДҚ Сатып алушыға кейіннен Adaptive-ке беру үшін берілді, ал тиісті сатып алу бағасы Тендерлік ұсыныс талаптарына сәйкес рұқсат етілген ГДҚ сатушыларына төленді. Осылайша, тиісті есеп айырысулар тиісті түрде аяқталды;
• Тендерлік ұсыныс екі ай бойы ашық болғандықтан, Сатып алушы Adaptive-пен кеңескеннен кейін оны одан әрі ұзартуға негіз көрмейді. Осыған байланысты Тендерлік ұсыныс жабық деп жарияланады;
• Сонымен қатар, Сатып алушы Adaptive-пен кеңескеннен кейін қазіргі уақытта ГДҚ-ға қатысты жаңа ерікті тендерлік ұсыныстар бастауды жоспарламайды;
• Сатып алушы Тендерлік ұсыныстың аяқталуы Globaltrans жарғылық капиталының өзгеруіне немесе шығарылған және айналымдағы акциялар санының қысқаруына әкелмейтінін атап өтеді. Тендерлік ұсыныс шеңберінде сатып алынған ГДҚ есеп айырысу аясында Еншілес компанияға берілгеніне байланысты автоматты түрде жойылмайды және акционерлердің жалпы жиналыстарында дауыс беру құқығын қоса алғанда, корпоративтік құқықтарды сақтайды. Сондықтан Тендерлік ұсыныс Globaltrans акционерлерінің және ұсынысқа қатыспаған ГДҚ ұстаушыларының үлестеріне әсер етпейді.
Осы хабарлама Меморандум ережелеріне сәйкес түсіндіріледі. Осы хабарламада өзгеше көрсетілмесе, бас әріппен жазылған терминдер Меморандумда берілген мағыналарға ие.
Тендерлік ұсыныс және оның параметрлері туралы қосымша ақпарат, оның ішінде Сатушының 25.11.2024 жылғы меморандумы (Меморандум), globaltrans.com сайтында және AIX-тің міндетті хабарламалар сервисінде aix.kz мекенжайында қолжетімді.
СҰРАҚТАР
Тендерлік ұсыныс бойынша сұрақтарыңыз болса немесе көмек қажет болса, төменде көрсетілген байланыстарға хабарласыңыз:
Инвесторлар үшін байланыс тұлғалары:
«SQIF Capital» АҚ
Нұрлан Асылбеков
+7 (778) 003-03-76 (ағылшын тілінде сөйлейтін пайдаланушылар үшін)
+7 (778) 003-03-77 (ағылшын тілінде сөйлемейтін пайдаланушылар үшін)
Инвесторлармен жұмыс бөлімі
Михаил Перестюк / Дарья Плотникова
+971 2 877 6840
БАҚ үшін байланыс тұлғалары
Анна Вострухова
+971 2 877 4166
EM
Globaltrans Announces Tender Offer
«SQIF Capital» АҚ байланыс деректері
e-mail: bb@sqif.kz
Телефондар:
+7 (778) 003-03-77 (ағылшын тілінде сөйлейтін пайдаланушылар үшін)
+7 (778) 003-03-76 (ағылшын тілінде сөйлемейтін пайдаланушылар үшін)
TG: @SQIF_CAPITAL
WA: wa.me/message
1 Ұсыныстар беру мақсаттары үшін ғана бөлінген арнайы техникалық сауда коды.
2 Жоғарыда көрсетілген арнайы ISIN және арнайы тикер тек Тендерлік ұсынысқа қатысу үшін пайдаланылуы тиіс және басқа мақсаттар үшін пайдаланылмайды.
ТИІСТІ ЗАҢДАРДЫ НЕМЕСЕ ОСЫ ЮРИСДИКЦИЯ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУ БОЛЫП ТАБЫЛУЫ МҮМКІН КЕЗ КЕЛГЕН ЮРИСДИКЦИЯДА ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА ШЫҒАРУҒА, ЖАРИЯЛАУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА БОЛМАЙДЫ.