2024 жылғы 12 тамыздан бастап «SQIF Capital» АҚ-қа KASE-де АҚШ долларының теңгеге және рубльдің теңгеге бағамына арналған фьючерстер бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілді.
2024 жылғы 12 тамыздан бастап «SQIF Capital» АҚ-қа KASE-де АҚШ долларының теңгеге және рубльдің теңгеге бағамына арналған фьючерстер бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілді.
KASE және «SQIF Capital» АҚ өкілдері мерзімді нарықта маркет-мейкер қызметтерін көрсету туралы шартқа қол қойды.
Шарт шеңберінде «SQIF Capital» АҚ бүкіл сауда күні бойы валюталық фьючерстерді сатып алу және сату бойынша міндетті котировкаларды қолдайды, бұл KASE деривативтер нарығында өтімділік пен инвестициялық мүмкіндіктерді арттыруға мүмкіндік береді.
Қор нарығы қатысушылары үшін артықшылықтар:
• Жоғары өтімділік: маркет-мейкердің тұрақты қатысуының арқасында KASE-дегі валюталық фьючерстермен мәмілелер одан да қолжетімді болады;
• Жақсартылған сауда шарттары: бүкіл сауда күні бойы неғұрлым тиімді бағалармен мәмілелер жасау мүмкіндігі;
• Инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер: валюталық фьючерстер бойынша котировкаларды қолдау инвестицияларды тиімді басқаруға және тәуекелдерді хеджирлеуге көмектеседі.