«SQIF Capital» АҚ өз атынан, Globaltrans Investment PLC еншілес компаниясы Adaptive Capital Limited тапсырмасы бойынша тендерлік ұсыныстың іске қосылғанын хабарлайды.
Тендерлік ұсыныс 2024 жылғы 25 қарашадан бастап күшіне енеді, ал өтінімдерді беру кезеңі 2024 жылғы 27 қарашада басталып, тиісті есеп айырысуларды қоса алғанда, 2024 жылғы 23 желтоқсанда аяқталады деп күтіледі.
Төменде айқындалған тіркеу күніне белгіленген талаптарға сәйкес келетін ГДҚ ұстаушылары өтінімдерін Астана халықаралық қаржы орталығының биржасында, яғни Astana International Exchange (AIX) алаңында бере алады. Тендерлік ұсынысқа тек Astana International Exchange Central Securities Depository Limited депозитарийінде сақталатын ГДҚ қатыса алады.
Тендерлік ұсыныс күнделікті есеп айырысуларды көздейді.
Белгіленген талаптарға сәйкес келетін ГДҚ ұстаушысы өтінімді AIX сауда мүшесі (Брокер) арқылы бере алады, мұндай ұстаушының өзі AIX сауда мүшесі болған жағдайларды қоспағанда, бұл жағдайда оған Брокер тарту қажет емес.
Тендерлік ұсыныс бағасы бір ГДҚ үшін 4,3 АҚШ доллары деңгейінде белгіленді, бұл Компанияның ГДҚ-ның AIX-тегі сауда басталған сәттен бергі орташа өлшенген нарықтық бағасын көрсетеді.
Тендерлік ұсыныс белгіленген талаптарға сәйкес келетін 26 747 738 ГДҚ-ға дейін қамтиды, бұл Globaltrans Investment PLC акционерлік капиталының шамамен 15%-ын құрайды.
Ұстаушыларға қойылатын қосымша талаптар және Тендерлік ұсыныстың талаптары меморандумда белгіленген.