2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан қор нарығын дамытуға үлес қосқан KASE мүшелерін марапаттау аясында «SQIF Capital» АҚ Биржалық бастамаларды дамытуға қосқан үлесі үшін номинациясында марапат алды.
«SQIF Capital» АҚ жоғары сапа мен кәсібилік деңгейіндегі қаржылық қызметтер көрсетуге маманданған және прогрессивті, дамып келе жатқан компания болып табылады.
Бүгінгі таңда KASE мүшелерінің белсенділік рейтингтеріне сәйкес (kase.kz/ru/membership/ranking) «SQIF Capital» АҚ келесі орындарға ие:
• мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы секторы: 12-орын;
• үлестік бағалы қағаздар нарығы секторы: 9-орын;
• репо нарығы секторы: 19-орын;
• валюталық своп операциялары секторы: 13-орын.
Сондай-ақ «SQIF Capital» АҚ USD/KZT және RUB/KZT валюталық жұптары бойынша шетел валютасы бағамына арналған фьючерстерде KASE маркет-мейкері болып табылады.