«SQIF Capital» АҚ клиенттерге 2023 жылғы 21 желтоқсанда брокерлік қызметтер мен номиналды ұстау қызметтеріне арналған үлгілік шарттың жаңа редакциясы бекітілгенін хабарлайды.
Құрметті клиенттер!
Осы арқылы «SQIF Capital» АҚ (Брокер) Брокер Басқармасының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №21/12-1 шешімімен брокерлік қызметтер мен номиналды ұстау қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарттың жаңа редакциясы (Шарт) бекітілгенін хабарлайды.
Шарт талаптарына сәйкес шартқа және/немесе Тарифтерге және/немесе Брокер регламентіне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер Брокер тарапынан біржақты тәртіппен енгізілуі мүмкін және олар күшіне енгенге дейін кемінде 15 күнтізбелік күн бұрын Брокердің www.sqif.kz ресми интернет-ресурсында жариялау арқылы Клиенттің назарына жеткізіледі.
Егер Брокер Клиенттен Шартқа және/немесе Тарифтерге енгізілген өзгерістерге, толықтыруларға және түзетулерге жазбаша келіспеушілік алмаса, тараптар Шарт өзгертілген және/немесе толықтырылған талаптармен қолданысын жалғастырады деп келіседі, ал Клиент енгізілген өзгерістермен және/немесе толықтырулармен келіседі.
Осыған байланысты жаңадан бекітілген Шарт нысанымен Брокер сайтындағы Шарт нысандары бөлімінде сілтемесі бойынша танысуыңызды сұраймыз.
Шарттың жаңа редакциясымен келіспеген жағдайда, сіз Брокерге жазбаша хабарлап, Шартты біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзуға құқылысыз.
«SQIF Capital» АҚ-пен ынтымақтастығыңыз үшін алғыс айтамыз!