Негізгі мазмұнға өту
Артқа

27.11.2023 / Компания жаңалықтары

Тарифтердің өзгеруі туралы хабарлама

«SQIF Capital» АҚ клиенттерге Брокер Басқармасының 2023 жылғы 27 қарашадағы шешімімен Брокердің жаңа Тарифтері бекітілгенін хабарлайды.

Құрметті клиенттер!

Осы арқылы «SQIF Capital» АҚ (Брокер) Брокер Басқармасының 2023 жылғы 27 қарашадағы №27/11-1 шешімімен Брокердің жаңа Тарифтері бекітілгенін хабарлайды.

Шарт талаптарына сәйкес шартқа және/немесе Тарифтерге және/немесе Брокер регламентіне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер Брокер тарапынан біржақты тәртіппен енгізілуі мүмкін және олар күшіне енгенге дейін кемінде 15 күнтізбелік күн бұрын Брокердің www.sqif.kz ресми интернет-ресурсында жариялау арқылы Клиенттің назарына жеткізіледі.

Егер Брокер Клиенттен Шартқа және/немесе Тарифтерге енгізілген өзгерістерге, толықтыруларға және түзетулерге жазбаша келіспеушілік алмаса, тараптар Шарт өзгертілген және/немесе толықтырылған талаптармен қолданысын жалғастырады деп келіседі, ал Клиент енгізілген өзгерістермен және/немесе толықтырулармен келіседі.

Осыған байланысты жаңа Тарифтермен Тарифтер бөлімінде сілтеме арқылы танысуыңызды сұраймыз.

Жаңа Тарифтермен келіспеген жағдайда, сіз Брокерге жазбаша хабарлап, Шартты біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзуға құқылысыз.

«SQIF Capital» АҚ-пен ынтымақтастығыңыз үшін алғыс айтамыз!

Өз болашағыңызды өзіңіз анықтауға дайынсыз ба?

Шот ашу