Өнім
Облигация ұстаушылардың өкілі
Эмитент міндеттемелерін бақылау және облигация ұстаушылардың мүдделерін білдіру
Облигация ұстаушылар өкілінің қызметтері
Облигация ұстаушылардың өкілі - облигация ұстаушылардың мүдделерін білдіретін және эмитенттің шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерін орындауын бақылайтын ұйым.
Облигация ұстаушылар өкілінің қызметі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына, облигацияларды шығару талаптарына және эмитентпен жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Өкілдің негізгі функциялары
Облигация ұстаушылар өкілінің қызметтерін көрсету аясында біздің Компания:
- эмитенттің облигацияларды орналастырудан алған қаражатын мақсатты пайдалануын бақылайды;
- эмитенттің облигация ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауын бақылайды және мониторинг жүргізеді;
- облигациялар бойынша сыйақының уақтылы төленуін және негізгі борыштың өтелуін бақылайды;
- эмитенттің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді;
- эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындауына әсер етуі мүмкін корпоративтік оқиғаларын талдайды;
- шығарылым талаптарында көзделсе, облигациялар бойынша кепіл және өзге қамтамасыз ету жағдайын бақылайды;
- облигация ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған шаралар қабылдайды;
- эмитенттің қаржылық жағдайын мониторингтеу және корпоративтік оқиғаларды талдау нәтижелері, сондай-ақ қабылданған әрекеттер туралы облигация ұстаушыларды тоқсанына кемінде бір рет хабардар етеді.